ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

400 көрілім

Бір ай бойына аламанда атой салып, додада сынға түскен үміт-керлер арасында оза шапқан 18 депутат бүгін бас қосты. Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Бердіқұлов VIII шақырылым-дағы мәслихаттың алғашқы сессиясын хабарлап, халық қалаулыларын таныстырып өтті.

Нақты мәліметтерге жүгінетін болсақ, сайлаушылардың тізімдеріне 121475 азамат енгізілді. Түркістан қаласында 19 наурыз сайлау күні дауыс беруге 73180 (60,2%) сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 180 сайлаушы дауыс берген. Кандидаттардың жалпы саны – 63.

Осылайша Түркістан қалалық мәслихатының жаңа құрамы кеше өз жұмысын бастады. Бұл жолы жалпы саны 18 депутаттың тең жартысы мәслихат табалдырығын енді аттаған жаңа есімдер. VIII шақырылымдағы мәслихаттың алғашқы сессиясында мәслихат төрағалығына Ғаппар Сәрсенбаев және Сәкен Ханділлаевтың кандидатурасы ұсынылды. Нәтижесінде 18 депутаттың 14-і қолдап, Ғаппар Амантайұлы Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

Сонымен бірге, сессияның күн тәртібінде Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және төрағаларын сайлау туралы мәселе қаралып, шешім қабылданды. Атап айтатын болсақ, экономикалық бюджет әлеуметтік даму, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына:

1) Сүлейменова Жамиля Төреханқызы (төрайымы)

2) Ханділлаев Сәкен Мырзанұлы

3) Мұсаев Тәжібек Қалманұлы

4) Аюпов Данияр Мәдиханұлы

Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдык қызмет, депутаттык өкілдік және этика жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына:

1) Мәди Аманжол Данаханұлы (төрағасы)

2) Тұрманов Бағдәулет Оразбайұлы

3) Асылов Ақниет Дүйсенбайұлы

4) Мұсабек Құлбатыр Базарбайұлы

Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына:

1) Тәңірбергенов Дәурен Рахымұлы (төрағасы)

2) Әбусейітов Бегахмет Зайнидинұлы

3) Рысбеков Самат Акимбекұлы

4) Арыстанов Жандос Жұмадуллаұлы

5) Жусипбаев Нұрсұлтан Үмбетұлы

4. Табиғатты қорғау, экологиялық мәселелер, құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына:

1) Худияров Ғалымжан Батырханұлы (төрағасы)

2) Мұсабеков Данияр Жақыпұлы

3) Тагайбаев Жанбота Жұпарбекұлы

4) Мансұров Ардақ Үсенұлы бекітілді.

Айта кетерлігі, бұл жолғы сайлауда жеңіске жеткен депутаттардың арасында аса жоғары тартыс болғаны байқалмайды. Арысы 93 пайыздан бастап ең кемі сайлаушылардың 45 пайызының дауысына ие болғандар бұл депутаттарың. Сайлау округінде ең кемі 45 пайыз дауысқа ие болу деген сөз оңай іс емес. Онда да бұл көрсеткіш мәслихаттағы ең жас депутат 22 жастағы Мұсабек Құлбатыр Базарбайұлына тиесілі. Демек халықтың осынша ықыласына бөленген халық қалаулыларына тек сәттілік тілейміз.

Ендеше қаламыздағы 18 сайлау округінен жеңімпаз атанған азаматтардың тізімі суретте ретімен жарияланып тұр.

№1 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттық-қа сайлауға түсіп, оның ішінде Мансуров Ардак Усенович үшін сайлаушылардың 1449  (62,02%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№2 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттық-қа сайлауға түсіп, оның ішінде Худияров Галымжан Батырханович үшін сайлаушылардың 1 385  (83,23%)  дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№3 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттық-қа сайлауға түсіп, оның ішінде Мәди Аманжол Данаханұлы үшін сайлаушылардың 2 179 (75,35%)  дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№4 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттық-қа сайлауға түсіп, оның ішінде Абусейтов Бегахмет Зайнидинович үшін сайлаушылардың 1 028 (61,19%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№5 сайлау округі бойынша 4 кандидат депутаттық-қа сайлауға түсіп, оның ішінде Сулейменова Жамила Турехановна үшін сайлаушылардың 1574 (78,7%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№6 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттыққа сайлауға түсіп, оның ішінде Хандиллаев Сакен Мырзанович үшін сайлаушылардың 3014  (90,92%)  дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№7 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттық-қа сайлауға түсіп, оның ішінде Асылов Ақниет Дүйсенбайұлы үшін сайлаушылардың 990 (59,85%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№8 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттыққа сайлауға түсіп, оның ішінде Cарсенбаев Гаппар Амантаевич үшін сайлаушылардың 2952 (90,64%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№9 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттыққа сайлауға түсіп, оның ішінде Жусипбаев Нұрсұлтан Умбетұлы үшін сайлаушылардың 3189 (84,10%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№10 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттыққа сайлауға түсіп, оның ішінде Танирбергенов Даурен Рахимович үшін сайлаушылардың 5703 (90,51%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№11 сайлау округі бойынша 4 кандидат депутаттыққа сайлауға түсіп, оның ішінде Аюпов Данияр  Мадиханович үшін сайлаушылардың 2592 (74,23%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№12 сайлау округі бойынша 6 кандидат депутаттыққа сайлауға түсіп, оның ішінде Мұсабек Құлбатыр Базарбайұлы үшін сайлаушылардың 2029  (45,9%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№13 сайлау округі бойынша 6 кандидат депутаттыққа сайлауға түсіп, оның ішінде Мусаев Тажибек Калманович үшін сайлаушылардың 1402  (50,0%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№14 сайлау округі бойынша 4 кандидат депутаттыққа сайлауға түсіп, оның ішінде Мусабеков Данияр Жакипович үшін сайлаушылардың 4176 (57,47%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№15 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттыққа сайлауға түсіп, оның ішінде Рысбеков Самат Акимбекулы үшін сайлаушылардың 3338 (72,52%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№16 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттық-қа сайлауға түсіп, оның ішінде Турманов Багдаулет Оразбаевич үшін сайлаушылардың 2290 (75,21%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№17 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттыққа сайлауға түсіп, оның ішінде Тагайбаев Жанбота Жупарбекович үшін сайлаушылардың 6412 (93,46%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

№18 сайлау округі бойынша 3 кандидат депутаттық-қа сайлауға түсіп, оның ішінде Арыстанов Жандос Джумадуллаевич үшін сайлаушылардың 5175 (84,56%) дауысын алып, депутаттық мандатқа ие болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары