«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес, жаңадан сайланған сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурыз күні сағат 11:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін Сіздердің назарларыңызға саламын. Мекен–жайы: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, қала әкімдігінің мәжіліс залы. Сессияға шақырылғандарды тіркеу 30 наурыз күні сағат 10:30 дан бастап жүргізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
1.Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының бірінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы;
2.Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының төрағасын сайлау туралы;
3.Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және төрағаларын сайлау туралы;
4.Түркістан қалалық мәслихатында депутаттық фракцияны тіркеу туралы.
К.БЕРДИКУЛОВ,
Түркістан қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы.