ТҮРКІСТАН: ВОЛЕЙБОЛДАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ТУРНИР БАСТАЛДЫ

225 көрілім

Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде волейболдан әйелдер арасында ҚР чемпионатының ұлттық лига ойындары басталды.

Ұлттық лига додасының 4 тур ойындары бойынша 11 команда қатысып, олар екі топ бойынша жарысып жатыр.

Тарқата айтсақ, «А» тобында Шығыс Қазақстан облысының «Алтай», Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш», Алматының «Алматы», Жетісу облысының «Жетісу», Қарағандының «Қарағанды», Павлодардың «Ертіс» командалары өзара күш сынасып жатыр. Сонымен қатар, «В» тобында Шығыс Қазақстан облысының «Алтай-2», Жетісудың «Айқаракөз», Түркістан облысының «Тұран», Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш СК», Астананың «Ару Астана» командалары бақ сынап жатыр.

Нәтижесінде «Алтай» – «Ертіс» командалары арасындағы ойында 3:0 есебімен «Алтай» командасы жеңіске жетті. «Алматы» командасы мен «Қарағанды» арасындағы кездесу 3:0 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді.

Ал «Қуаныш» – «Жетісу» арасындағы кездесуде 3:0 есебімен Солтүстік Қазақстан құрамасы айқын басымдыққа ие болды. Сондай-ақ «Қуаныш-СК» – «Алтай-2» арасындағы ойында 3:1 есебімен Шығыс Қазақстан арулары жеңіске жетті. Алғашқы күнгі ойындарды алаң иелері «Тұран» командасы мен «Ару Астана» командалары қорытындылады.

Тартысты ойында тұрандықтар 3:0 есебімен қарсыластарын басып озды. Осылайша, түркістандық «Тұран» командасының әйелдер командасы жауапты тур ойындарын сәттілікпен бастап, жанкүйерлерін қуантты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы