ШАХМАТТАН ҚАЛАЛЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

329 көрілім

Ұлы дала елі орталығында «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» ұранымен шахматтан қалалық біріншілік турнирі өтті.

Аталған додаға 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен ересектер қатысып, бақ сынасты. Жарысқа қатысқан жүзге жуық спортшының арасынан үздік нәтиже көрсеткендер марапатталды. Атап айтқанда, ересектер арасында Қуаныш Джумадулов I орынды, Болат Исабеков II орынды, Ербосын Абилқасымов III орынды иеленді.

Ал жасөспірім балалар арасында үш категория бойынша I орынды Еркебұлан Ерболатұлы, Баянбай Нұрислам, Амирхан Самир, II орынды Қанжарбай Медет, Жасұлан Есеналиев, Төлепберген Дастан, ал III орынды Аманбек Диас, Асылбек Бейбарыс, Сұлтанхан Нұрислам қанжығалады. Жасөспірім қыздар арасындағы бәсекеде Умида Артықбаева III орынға лайықты деп танылса, II орынға Севара Абдумуталипова жайғасты. Ал қыздар арасындағы ақыл-ой ойынында Әсия Асылхан жеңіс тұғырынан көрінді.

Д.МЕҢДАЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы