70 БАЛАҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

315 көрілім

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жағдайы төмен 70 балаға қайырымдылық жасады. Қайырымдылықтың артында елдіктің, ауызбіршіліктің нышаны барын жете түсінген М.Қабденов Рамазан айында ораза ұстағандарды ескеріп, «Түркістан» қайырымдылық қорына көмек көрсетті.

Полиция қызметкерлері ТО ПД бастығының атынан жағдайы төмен 70 баланы азық-түлікпен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етті. «Түркістан» қайырымдылық мекемесінің төрағасы Ғалымжан Қошқарбаев Түркістан облысының бас полицейіне алғысын жаудырып, шынайы ризашылығын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы