Жетісайлық полицейлер мектеп оқушыларына арнап, сурет байқауын ұйымдастырды. Бұл ретте Жетісай АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Ермахан Абдраманов бастаған қызметкерлер мәжіліс залында дөңгелек үстел өткізді. Этносаралық келісімді нығайту, татулық пен достықты қастерлеу мақсатында ұйымдастырылған жиынға түрлі ұлт өкілдері мен ардагерлер шақырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне жетісайлық полицейлер мектеп оқушылары арасында “Бейбітшілік-ел тірегі” атты сурет салудан байқау ұйымдастырды. Жастардың шығармашылық қырларын ашып, балаларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, оларға татулықты, достықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыс өте тартысты өтті.
