ҚАЗЫҒҰРТТА 29,6 МЫҢ ТОННА ЕТ ӨНДІРІЛГЕН

1  028 көрілім

Қазығұрт ауданында мал тұқымын асылдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аймақта ет өндіру ісі де ілгерілеген. Мәселен, өткен жылы 29,6 мың тонна ет өндірілген.

Өнімді арттыра түсу мақсатында аудандағы Қызылқия ауыл округінде жеке кәсіпкер Бақыт Мәмбетәлиев 1 200 басқа арналған мал бордақылау кешенін іске қосқан. Сонымен қатар, Шымкент-Ташкент күре жолының бойынан «Түркістан ет комбинаты» ЖШС ашылуы жоспарлануда. Ірі ет комбинаты елімізді ғана емес, көршілес Өзбекстанға ет экспорттайды деп күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы