«Дарбаза» полигонында Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілерінің қатысуымен, роталық тактикалық топпен тактикалық оқу-жаттығулары болды. Сонымен қатар, нұсқаулық-әдістемелік сабақтары өткізілді.

Нұсқаулық-әдістемелік сабақ полигонда жаттығулар сегіз оқу орнында өткізілді. Әскери қызметшілер байланысты орнату, бүркемелеу, жаппай қырып-жою қаруынан, әуе шабуылына қарсы, жауынгерлік және жорықтық қорғану, материалдық-техникалық қамтамасыз ету тақырыптарынан білімдерін пысықтады. Бұл әскери қызметшілерге оқу тақырыбын үлгілерде көрсетілген мысалдардан нақты көріп, ал оқу нүкте жетекшілеріне қол жетімді түсіндіруге мүмкіндік берді.

“Нұсқаулық-әдістемелік сабақ барлық санаттағы командирлерге де, олардың жеке құрамына да барынша практикалық тәжірибе алатындай етіп өткізіледі. Бұл дәрістерде алынған тәжірибе мен білім жауынгерлік немесе арнайы тапсырмаларды орындау кезінде қажет болады. Рота командирі тез өзгеретін ұрыс жағдайына бейімделіп қана қоймай, сонымен қатар негізгі және қоса берілген күштер мен қаруларды уақытылы пайдаланып, оларды сауатты басқара білуі керек”, – деді механикаландырылған бригада командирі полковник Нұркен Қарағұлов.
