САБАҚТАСТЫҚ АМАНАТЫ

555 көрілім

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Хамза атындағы орта мектебінде «Ерлік ұрпаққа – ұран, елге мұра!» атты іс-шарасы өткізілді. Шараға қатысушылар «Ерлік даңқы – мәңгілік» кешенді ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мәдени шараны «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды. Ол қатары күн санап сиреп бара жатқан ҰОС ардагерлерінің жауынгерлік ерліктерін Ауған соғыс ардагерлеріне аманаттау үшін «Nur Otan» партиясысының бастамашылығын жариялады.

Алдымен сөз алған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы, Ауған соғысына қатысқан ерлер туралы тәрбиелік тағылымдық пікірлерін білдірді.

Жиналыс соңында осындай тәрбиелік тағылымдық, үлгі насихаттық жұмыстарды жалғастыру мақсатында «Сабақтастық аманаты» аталатын үш жақты меморандумға қол қойылды. Меморандумға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Түркістан облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов қол қойды. Шараға қатысушылар мұндай меморандумның Қазақстанда тұңғыш рет жасалып отырғандығын атап өтті.

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов: «Адамзат тарихындағы мәңгі өшпейтін қасірет ол бүгінгі кездесуіміз «Ел тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерекесімен орайлас келіп отыр. Отыз жылда ғасырларда атқарылар шаруалар тындырылды. Тұңғыш Президентіміз кемеңгер, көреген басшылығы арқасында елімізді әлем мойындады. Бүгінгі күні әлем таныған Қазақстан өзгелермен терезесі тең, толық қалыптасқан мемлекетке айналды. Еліміздегі жетекші «Nur Otan» партиясының басшылығымен өтіп жатқан «Ерлік ұрпаққа – ұран, елге – мұра» атты іс шараның мақсаты өте тереңде. Өйткені, біріншіден тарихта бабаларымыздың жауынгерлік рухының жоғары болғандығы, соның ішінде ҰОС жылдарында да жауынгерлердің отан қорғауда көзсіз ерліктерге бара отырып, мына ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан қасиетті жерімізді, татулығы мен берекелі елімізді біздерге аманаттап жеткізді», – дейді.

Жиынды түйіндеген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев партия тарапынан «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлерге құрмет көрсету, қолдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы