«БОЛАШАҚТЫҢ» ТҮЛЕГІ ҚЫЗМЕТІН ТУҒАН ӨЛКЕСІНЕН БАСТАДЫ!

1  417 көрілім

«Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына кіретін Ұлыбританиядағы «Exeter» университетінің «Халықаралық туризм менеджменті» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған Ермахан Зиядин Әбжапарұлы өзінің еңбек жолын туған жерінен бастады.
Шет елдік озық тәжірибелер мен заманауи технологияларды жетік меңгерген жігіт конкурстық іріктеу арқылы Мақтаарал ауданы, Жаңа жол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман қызметіне тағайындалды.

«Мен шет елде алған білімімді, көргенім мен жинаған тәжірибемді, бар күш-жігерімді туған жерімді түлетуге жұмсамақпын. Ия, рас, мен қолымдағы дипломыммен, тәжірибеммен үлкен қалаларда еңбек етсем де болар еді. Бірақ, туған жерім тұрғанда мансап пен атақ қуып кету – мен үшін ерсі көрінеді» дейді «Болашақтың» түлегі.
Соңғы жылдары өңірдегі мемлекеттік қызмет жүйесінде қызметшілердің білім сапасының артуы айқын байқалады.
Бір ғана Мақтаарал ауданынан «БОЛАШАҚ» бағдарламасы негізінде тағы 3 жас шет елде білім алып жатыр.
Мамандардың мәліметі бойынша жалпы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған 13 және ҚР Мемлекеттік басқару академиясында білім алған 26 түркістандық түрлі салаларда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді екен.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы