Мәлік Дәулетов Жұмаханұлы

«Түркістан», «Туркистон» қалалық газеттері ЖШС-нің директор-редакторы. 

image6

1983 жылы 8 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің филология факультеті, журналистика мамандығын бітірген. 2004 жылы Шымкент қаласындағы республикалық «Жаңалық» газетінде фототілші, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 2006-2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде Түркістан қаласының меншікті тілшісі болған. 2010-2017 жылы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін істеген. 2017 жылдан бері «Түркістан», «Туркистон» қалалық газетттері ЖШС-нің директор-редакторы болып абыройлы қызмет етіп келеді.

Ләззат Сарыбаева Қаныбекқызы

image1

1966 жылы 11 шiлде күнi Қызылқұм ауданы (қазiргi Отырар ауданы), Темiр станциясында дүниеге келген. «Октябрьдiң 50 жылдығы»  атындағы орта мектебін 1983 жылы бiтiрген. Әл Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтының 1984-1988 жылы Кiтапханатану және библиография мамандығы бойынша бiлім алған. Алғашқы еңбек жолын 1988 жылы  Отырар ауданы, Шәуiлдiр орталық кiтапханасында кiтапханашы-библиограф қызметiнен бастаған. 1998 жылы Түркiстан қаласындағы «Түркiстан» газетiнде хатшы-машинистка қызметiн, 2000 жылдың қаңтар айынан бастап 2002 жылға дейiн  тiлшi қызметiн атқарды. 2002-2004 жылдар аралығында хаттар бөлiмiнiң меңгерушiсi, 2004-2014 жылдар аралығында әлеуметтiк сала және руханият бөлiмiнiң меңгерушiсi, 2015-2016 жылдар аралығында саясат және руханият бөлімінің меңгерушісі, 2016-2017 жылдар аралығында жауапты хатшы қызметтерін абыроймен атқарып келді. Ал, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап директор-редактордың орынбасары қызметін атқаруда. 

Райымжан Әлібаев Артықбайұлы

image3

1977 жылы 8 ақпан күні Түркістан қаласында туылған. Орта мектепті бітірген соң 1994 жылдың тамыз айында қалалық қоғамдық-саяси «Түркістан», «Туркистон» газеттерінің өзбек бөліміне корректор болып жұмысқа қабылданған. 1998 жылдан бастап тілші-оператор, аудармашы қызметтерін абыроймен атқарған. Ал, 2005 жылдан осы күнге дейін «Туркистон» газетінің өзбек бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Мамыржан Набиев Расулұлы

image2

1973 жылы 11 желтоқсанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақстан халықтар достығы университетінің түлегі. 1993 жылы «Түркістан» газетінде корректор болып жұмысқа қабылданып, аудармашы болып еңбек етіп, қазіргі таңда компьютер орталығының жетекшісі қызметін абыроймен атқаруда. 

Қуаныш Тасыбаев Есенбекұлы 

image8

Қуаныш Есенбекұлы Тасыбаев 1980 жылы 23 қазанда Түркістан қаласында дүниеге келген. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Түркістан қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебін 1997 жылы бітірген. 1997 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Журналистика бөліміне оқуға түсіп, 2002 жылы журналист мамандығы бойынша білім алып шықты. 2002 жылы қалалық «Түркістан» газетінде корректор-тілші болып еңбек жолын бастаған. 2008-2014 жылдар аралығында Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінде инспектор болып қызмет атқарды. 2014-2017 жылдар аралығында қалалық «Түркістан» газетінің бөлім меңгерушісі, 2018 жылдан бастап «Түркістан» газетінің қазақ бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарып келеді.Nur

Шынар Болат Әділханқызы

шинар

 1996 жылы 2 наурызда Түркістан қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Түркістан қаласындағы С.Ерубаев атындағы №7 жалпы орта мектебін аяқтап, 2018 жылы  Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің әлеуметтік ғылымдар факультеті Журналистика мамандығын тәмамдаған. 2019 жылдың қазан айынан бастап, корректорлық қызметте.

Үмітбек Бағдат

Үмітбек Бағдат

1993 жылы 15 наурызда  Түркістан қаласында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. Халықаралық «Өнер фестивальнің» гран-при иегері. 2020 жылдың ақпан айынан бастап, тілшілік қызметте.

Ақберен Амангелді Дәуренұлы

Акберен Амангелді

1996 жылы 19 тамыз күні Түркістан қаласында өмірге келген. 2014 жылы Түркістан қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясын аяқтап, 2019 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың әлеуметтік ғылымдар факультеті журналистика мамандығын тәмамдаған. 2020 жылдың сәуір айынан бастап фототілші қызметінде еңбек етуде.

Рузиахун Мадалиев Шамырзаұлы

Ахунжон

1994 жылдың 19-ақпанында Түркістан қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназиясын аяқтап, 2015 жылы ХҚТУ жанындағы Яссауи колледжінің техникалық бағдарламалық-қамтамасыздандыру  мамандығын тәмамдаған. 2018 жылдың қазан айынан бастап «Түркістан», «Туркистон» газеттеріне корректор-аудармашы қызметіне қабылданды.

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы