ТАПСЫРЫСПЕН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР ЖЕТКІЗУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

841 көрілім

Бүгін «Алтын бұлақ» көтерме сауда базарынан тапсырыс арқылы үйге дейін азық-түліктер жеткізу қызметі іске қосылды.

Жобаның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев, сала мамандары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Әлемді алаңдатып отырған індеттің елімізге, соның ішінде қаламызға да қауіп төндіріп тұрғаны белгілі. Осындай қиын сәтте коронавирустың алдын алу мен тұрғындардың азық-түлік сұранысын уақытында орындауды мақсат еткен шараның болашағы зор.

Атаулы жоба аясында кез келген қала тұрғыны телефонына «Amazing Turkistan» қосымшасын жүктеп, керекті затқа тапсырыс бере алады. Атап айтар болсақ тізімдер қатарында күріш, макарон, картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, тұз, күнбағыс майы бар. Басты айта кететін нәрсе баға базардағы сатылым бағасымен бірдей. Ескере кететін жайт тапсырысты 12.00-ге дейін берсеңіз сағат 18.00-ге дейін жеткізіледі. Ал 00.00-ден кейінгі тапсырыстар келесі күні 12.00-ге дейін жеткізілетін болады.

Тапсырысты орындау жеңіл көліктері арқылы жүзеге асады. Бүгіннен бастап жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта қызмет көрсетуге 22 көлік жұмылдырылатын болады.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы