БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ, САБЫРЛЫҚ БІЗДІҢ ЖОЛЫМЫЗ

935 көрілім

Биылғы жылдың басы, әлем елдерін дүрліктірген бір сынақты алып келді. Бәрімізге белгілі СОVID-19 вирусы елімізді де айналып өтпеді. Қанша қилы ғасырлардан, бабаларымыз қиын күндерді өткергенін ескерсек, бүгінгі ұрпақ, мына біздер де бұл сынақтан сүрінбей өтетінімізге сеніміміз мол. Біз үшін еліміздің әрбір азаматының амандығы басты құндылық.

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай қиын-қыстау уақытта, халыққа: «Біз бұл қиындықтарды да жеңе аламыз. Ең бастысы-бұл біздің халқымыздың бірлігі мен тыныштығы. Қазір бұл бүкіл әлем үшін қиын. Сондықтан, біз бір- бірімізді құрметтей отырып, сабырлық пен шыдамдылық танытуымыз керек»-деген болатын. Ия, COVID-19 вирусы әлемді толғандырған пандемияға айналды.

Осыған байланысты елімізде, Президент Қасым Жомарт Кемелұлының жарлығымен төтенше жағдай кезеңі 30 сәуірге дейін жалғасатынын жариялаған болатын. Бұл сіз бен біздің амандығымыз үшін жасалып отыр. Сондықтан, әрбір істе сабырлық танытып, түсіністікпен қарап, бірімізге біріміз қолдау көрсетіп отырсақ, бәрін жеңіп шығатынымыз айқын.

Мемлекеттің басты байлығы адам және адамның өмірі. Аты жаман вирус облысымызда да анықталғаны баршамызға мәлім. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сақтық шараларын сақтап, қауіпсіздікті барынша күшейту үстінде. Сондай-ақ, төтенше жағдай уақытында, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, пошта, банк қызметкерлері, медицина саласындағы қызметтер тоқтаусыз қызмет жасайты-нын да хабардар еткен болатын.

Көптеген қызметтер онлайн форматқа ауысып жатқанын да көріп жатсыздар. Құрметті облыс тұрғындары біз үшін әрбір азаматтың амандығы маңызды. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын сақтап, төтенше жағдай уақытында, үйде болыңыздар.

Базарбай МҰСАБЕКОВ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы