- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында 31 қаңтар мен 3 ақпан күндері аралығында «Fujairah open G1» Халықаралық турнирі қазақстандық таевондошылар үшін сәтті аяқталды. Дүбірлі додаға тас түйін дайындықпен барған спортшыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Осы турнирде Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінің спортшылары да құрама сапында ел қоржынына жүлде салды. Атап айтар болсақ, 63 келі салмақта Арман Серікұлы ІІ орынды иеленсе, өткен жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Нұрлан Мырзабаев 80 келі салмақта ІІІ орынға табан тіреді.


Сондай-ақ, Талдықорған қаласында таеквондодан жастар арасында өткен ҚР чемпионатында жерлестеріміз 1 алтын, 4 күміс, 2 қола медальды еншілеп, қаламыздың намысын абыроймен қорғады. Аталмыш жарыста Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінің шәкірттері Б.Спабек (51 кг) І орынды иеленсе, А.Бегімбетов (45 кг), Ұ.Мажитов (+78 кг), М.Орынбасар (63 кг), Ұ.Тоқташева (63 кг)лар ІІ орынды, Ә.Дүйсенбек (48 кг), А.Өтеге (51 кг)лер ІІІ орынды қанжығасына байлады. Осылайша Р.Құралбаев мен Д.Манап баптайтын шәкірттер жылды сәтті бастады.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!
Р.ӘЛІБАЕВ,
«Түркістан».


