БӘЙДІБЕКТІК ЖАНЫ ЖОМАРТ ЖАНДАР 250 ҚАП ҰН ТАРҚАТТЫ

1  352 көрілім

Түркісатан облысы, Бәйдібек ауданының Борлысай ауылдық округіндегі жыл басында құрылған «Қошқар ата», «Береке» қайырымдылық қорлары мен жеке кәсіпкерлер Бақытбек Сызаев, Алмалы ауыл округінің кәсіпкері Қуаныш Бекжанов аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, жалпы ауыл халқына 250 қап ұн мен жылқы етін үлестірді. Сонымен қатар Бөген ауылдық округінің жастары мен жеке кәсіп иелері, нақтырақ айтсақ, 1984 жылы туылған ауыл азаматтары және жас кәсіпкер Нұрболат Амантайұлы 41 отбасыға өз қаражаттары есебінен азық-түлік пакеттерін таратты.

«Қайырымдылықтың мәнін оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түсінеді», деп дана халқымыз айтқандай, ел басына күн туғанда өздерінде барларымен көмектесіп, игі жақсылықтарын көрсеткен жаны жомарт жандарға халық алғысын айтуда.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы