ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТУДЕ

703 көрілім

Түркістанда 1999-2001 жылы туылған жастар және 2002-2003 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы қазақ күресінен облыс біріншілігі түндігін түрді.  250-ге жуық балуандар бақ сынауға ниет білдірген додада облыстық дене шынықтыру  және спорт басқармасының басшысы, ҚР Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Болат Қырықбаев сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. 

    «Ең маңыздысы ұлттық спортымыздың жандануы мен дәріптелуі көңіл қуантады. Барлық спортшы жастарға жалынды сәлем. Турнирді ашық деп жариялаймын. Боз кілемдегі белдесу тартысты өтетіндігіне сенемін. Мықтылар күштілігін дәлелдейді. Әрқайсысың жүлдегер болуға лайықсыңдар. Сондықтан сәттілік серіктерің болсын балуандар», – деді Болат Наурызбайұлы. 

    Турнирде жеңімпаз атанған сайыпқырандар  наурыз айында өткізіледі деп жоспарланып отырған ел чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғайтын болады. Үш күнге созылатын бәсекенің қорытындысы бойынша қосымша мәліметті «Түркістан» газетінің №5 санында назарларыңызға тағы ұсынатын боламыз.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,

 «Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары