ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛДІ

1  115 көрілім

Халықаралық қазақ-түрік университетінің спорт залында Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің бір жола шыққанына 30 жыл толуына орай баскетболдан қыздар арасында Халықаралық турнир жалауын көтерді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатында Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті Өмірбек Үмбетов, Түркістан облысының спорт және туризм басқармасының бастығы Болат Қырықбаев, Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісі Орынбасар Лештаев, Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімбай Қожабаевтар сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға ізгі ниеттерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Төрт күнге созылатын қол добына Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан және Павлодар командаларымен қоса Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерінен құралған командалар қатысуда. Жалпы саны 6 команда қатысып отырған Халықаралық турнирдің жеңімпазын алдағы күндері анықтайтын боламыз. Жарыс қорытындысы туралы толық ақпаратты қалалық «Түркістан» газетінің №5 санында жариялайтын боламыз.

Райымжан ӘЛІБАЕВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы