ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ ЖАМАҒАТПЕН ОҚЫЛМАЙДЫ

1  310 көрілім

Тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуының алдын алу мақсатында, карантин мерзімінде тарауық намазы мешіттерімізде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

Сондай-ақ Төтенше жағдай кезінде мешіттерде, қоғамдық орындарда ауызашар беру уақытша тоқтатылады. Биыл Рамазан айы 24 сәуір күні басталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы