ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА АДАМ КӨП ШОҒЫРЛАНАТЫН ОРЫНДАРДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАРЫНША КҮШЕЙТІЛДІ

1  238 көрілім

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 47-ге жетті, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімдігінің turkistan.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталған 47 деректің ішінде Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің 1970 жылғы тұрғыны және Ш. Ділдабеков ауылдық округі, Достық ауылының 1971 жылғы, осы ауданның Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылының 1994 жылғы тұрғындарында коронавирус инфекциясы расталып отыр. Аталған азаматтың үшеуі де COVID-19 вирусы анықталған науқаспен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 18 адам тіркелген (оның ішінде 1956 жылғы азаматы 4 сәуір күні қайтыс болған).
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жайттарға орай Жетісай ауданындағы адам көп шоғырланатын банк бөлімшелері мен “Қазпошта” мекемесіндегі ұзын-сонар кезектер сақтық шараларының талаптарына сай ретке келтірілген. Яғни кезекте тұрған азаматтардың арақашықтығы сақталып, клиенттердің аты-жөндері мен кезектік реті дауысұлғайтқышпен хабарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы