ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

1  357 көрілім

Қайрымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Осындай жанның бірі Арыс қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшесі Ғалымжан Құмарбеков елімізде болып жатқан жағдайды ескеріп, #BizBirgemiz акциясы аясында өз сайлау округіндегі мұқтаж отбасыларға өз қаржысына азық-түлік, дәрі-дәрмек таратты.

Өзгені қуанту арқылы жаны тыныштық табатын жомарт жандардың осындай қиын сәтте қатары көбеюі қуантады. Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуды құптаған қайырымды істі жүзеге асыру үшін Арыс қаласы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының Арыс қалалық филиалы белсенді жұмыс жасауда.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы