ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘДІЛЖАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

1  367 көрілім

Көпшілік арасында Түркістаннан шыққан ер Бекзаттың ізбасары болмады немесе чемпион өсіретін алтын құрсақты аналардың қатары сиреп барады деген алып-қашпа әңгімелердің жолын кесетін жеткіншетер мен жастарымыз бой көрсетіп келеді. Соның алғашқысы бүгінде бокстан ҚР Ұлттық құрмасының сапында 81 келіде өнер көрсетіп жүрген Бек Нұрмағанбет болса, дәл бүгін Өскенмен төрінде өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында 63 келі салмақта алтыннан алқа тағынған Әділжан Жандарбек те болашағынан мол үміт күттіретін боксшы.

2003 жылы дүниеге келген Әділжан Түркістан қаласындағы облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Осы қуанышты хабарды жеткізген аталған мектеп директоры Дәурен Рахымұлы шәкіртінің биік белестерді бағындыратынына сенімді. Осы спорт түрінде ел мерейін тасытатын азаматтың бірі Әділжан болады деген үмітте.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы