ҮЙЛЕНУ ДЕ, АЖЫРАСУ ДА КӨБЕЙІП ТҰР

799 көрілім

(Түркістанда 2019-2020 жылғы қаңтар айлары бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші қандай?)

Түркістан қалалық статистика басқармасының бас маманы Шухрат Жумабаевтың мәліметіне сүйенетін болсақ нақты әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері бойынша халық саны өткен жылы 171,9 мың адам болса, биыл 164,9 мың болып, 104,2 пайызды құрады. Бұл облыс орталығында адам саны 7 пайызға азайғанын көрсетеді. Есесіне туылғандар саны 6196-дан 6373-ге, яғни 177 адамға көбейген. Табиғи өсім 5339-дан 5561-ге артып, 104,2 пайызды құрап отыр. Ал, қайтыс болғандар саны 45 адамға азайды. Некеге тұрғандар өткен жылы 1316-ны құраса, ағымдағы жылдың қаңтар айында 1794-ке, яғни 478 отбасыға артқан. Ажырасулар көрсеткіші көңілімізді қынжылтады. Тарқатып айтар болсақ, қазіргі таңда қоғамымызда әлеуметтік түйткілді мәселенің бірі – ажырасу болып тұр. Жасыратыны жоқ, жыл өткен сайын ажырасу көрсеткіші көбеймесе, азаяр емес. Өкінішке орай, бұл көрсеткішті қаламыздың 2019 жыл мен 2020 жылғы қаңтар айларының статистикасынан көруіміз мүмкін. Жоғарыда атап өткендей, некеге тұрған ерлі-зайыптылар саны артса, есесіне ажырасулар саны да едәуір көбейіп отыр. Атап айтсақ, 422-ден 469-ға артып, 111,1 пайызды құрады. Яғни, 47 отбасы ажырасып үлгерген. Ал, енді өткен жыл мен биылғы жылды салыстырмалы түрде алатын болсақ, некеге тұрғандар мен ажырасқандардың орташа пайызы 23,7-ні көрсетіп тұр. Бұл мәселе – жалпы барлығымыз үшін ортақ мәселе. Алдағы уақытта осы тақырыпқа қайта оралатын боламыз.

Тұрмыс деңгейі 2020 жылдың қаңтар айында негізгі азық-түлік тауарларының тұтынылуының ең төменгі деңгейімен есептелінген, жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы орта есеппен 2019 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 1,3 пайызға көбейіп, 26222 теңгені құрады.

Райымжан ӘЛІБАЕВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы