Қаламыздағы Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, жерлесіміз, ҚР спорт шебері, дзюдодан әлемдік дәрежедегі төреші, жоғарғы дәрежедегі жаттықтырушы Шавкат Ешматов жуырда Кореяда төрешілердің әлемдік сынағынан өтіп, “Халықаралық дәрежедегі төреші” атағына ие болды. 16 мемлекеттің ішінде үздік төреші атағын алған Шавкат Ешматов ендігі жерде әлемдік жарыстарда қазақ елінің атынан төрешілік ететін болады.
Қазақ спортын биік белеске көтерген Шавкат Ташбулатұлын осы жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы алар асуларыңыз биік, келешегіңіз, лайым, кемел болсын демекпіз. Бапкерлік бағытта Қазақстанның нағыз балуандарын баптап, әлемдік аренаға көтере беріңіз. Сіздің еселі еңбегіңіздің арқасында көк туымыз дүние жүзінде желбірей берсін!
Құттықтаушылар:
Түркістан қаласы әкімі аппараты мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі.