42500 ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

753 көрілім

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетовтың брифингте айтылған мәлімдемесіне сәйкес, өмірінде банк шоты болмаған азаматтардың карта алуына біз қосымша жағдай жасаймыз. Олар 42500 теңге алу үшін онлайн өтініш толтыруы кезінде банк картасының шоты толтыруға міндетті ретінде шыға береді. Бірақ банктерде немесе поштада жеке шот картасын ашпаған азаматтарда бар. Картасы жоқ азаматтарға арнайы хабарлама жіберіледі және оларға сол кезден бері бір ай уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде олар қашықтан банк картасын рәсімдеп, картасының шот номерін бізге хабарлама арқылы хабарлауы тиіс.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан төтенше жағдайға байланысты ұсынылатын көтерме жәрдемақы 42500 теңгені алуға ағымдағы шот ашу қызметіне жүгінгелі келген тұрғындар саны артуда. Бұл мәселеге байланысты ауданда сақтық шаралары бойынша ара қашықтық сызбалары сызылды, аудандағы барлық ауылдардағы келуші тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында 3-17 сәуір аралығында қатаң шектеулер енгізу бойынша аудандағы екінші деңгейдегі банктердің және «Қазпошта» АҚ-ның Ордабасы аудандық бөлімшелерінің алдына халықтың көп шоғырлануына жол бермеу, 42 500 теңге мөлшерінде әлеметтік төлем алуға ауыл округ әкімдеріне тапсырма берілді. Олар әлеуметтік қызметкерлер тарапынан сенім хат арқылы келіп құжаттарын тапсырады.

Сенімді тұлға арқылы қаржылық қызметтерді жүзеге асыру бойынша сенімді өкілді бекіте отырып, қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндігі берілген. Сонымен қатар, жәрдем көрсету мақсатында ауыл округі әкімі аппараты ауыл тұрғындарының жеке куәліктерінің көшермелерін жинақтап, тиісті мекемелерге арнайы тізімді ұсына отырып, тұрғындардың қатысуынсыз тиісті жұмыстарды атқаруда.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы