Түркістан облысы, Ордабасы ауданы әкімінің шешімімен құрылыған жұмысшы топ мүшелері аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы А.Искаков, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ф.Ташимова, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға учаскелік полиция инспекторы Ә.Мәди, Қажымұқан ауыл округі әкімі И.Турниязов бірлесіп аудан орталығындағы азық-түлік сауда нүктелерінде, қоғамдық тамақтану орындарында тексеру жұмыстар жүргізді.
Алайда аталған орындарда санитарлық тазалық ережелері сақталмағаны анықталып, тиісті кәсіпкерлерге хаттама толтырылды.
Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы төтенше жағдай кезінде субьектілермен эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалмауына байланысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының №476 бабына сәйкес 2 асхана тазалық ережелерін сақтамағандығына байланысты айыппұл салынып, құжаттары сотқа ұсынылды.
Сонымен қатар, өзгеде сауда нүктелерінің иелеріне төтенше жағдайларға байланысты заң талаптарын орындамаған жағдайда жұмысы тоқтатылып айыппұл салынатыны жөнінде ескерту жасалды.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.