АРЫСТА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

854 көрілім

Арыс қаласында тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұқпалы індеттің таралуын тоқтату мақсатында сақтық шаралары қабылданғаны белгілі. Алайда, қала тұрғындары банк мекемелері алдында жаппай шоғырлануының алдын алу мақсатында қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев қалада орналасқан «Қазпошта» АҚ, «Халық банк», «Каспий банк» мекемелеріне барып, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде табыстың жоғалуына байланысты 42500 теңге әлеуметтік төлем тағайындағаны белгілі. Осы төлемді алу мақсатында 2020 жылдың сәуір айының басынан бастап, аудандық «Қазпошта» АҚ бөлімшесі арқылы қала тұрғындары есеп-шот ашқызуға белсенділік артып отыр. Сондықтан сақтық шараларын қадағалау мақсатында аталған мекемелер орналасқан көшелер уақытша жабылған болатын. Ауа райы қолайсыздығына байланысты, тұрғындарға жайлы болу үшін қала әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы шатырлар орнатылып, орындықтар қойылды.

Ескерте кететін жайт, тұрғындар 42500 теңге әлеуметтік төлем алуға есеп-шот (IBAN) нөмірін үйден шықпай-ақ біле алады. Ол үшін «Халық банк» клиенттері 7111 нөміріне өзінің ЖСН нөмірін хабарлама түрінде жіберуі керек. Жауап 20-30 минут аралығында келетіндігі түсіндірілді.

Қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, құқық қорғау органының қызметкерлері зейнетақы алуға, мемлекеттік жәрдемақы алуға келген азаматтарды дәрігерлер кеңесіне сәйкес, ара-қашықтықты сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақыруда.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы