БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ОН МЫҢ БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

1  513 көрілім

Әлем болып арпалысып жатса да, «жаман індет» алпауыт елдерде күн санап өршіп тұрғанын әр сағат сайын телеарналар мен әлеуметтік желілерде хабардар етіп жатыр. Бұл жөнінде еліміздің барлық аймақтарында коронавирус пандемиясымен күрес шаралары қарқынды жүзеге асуда.

Аса жауапкершілікпен сақтық шараларын мұқият сақтау керектігі де қайта-қайта ескертіліп, барлық жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуд Аталған індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен алдын алу шаралары атқарылуда.

Атап айтсақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудандағы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар мен төмен отбасыларға 5000 дана және халыққа қызмет етіп жатқан мекемелер мен індетке қарсы жұмыс жасап жатқан ұйым қызметкерлеріне және тұрғындарға барлығы он мыңға жуық бетперделер тегін таратылды.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы