Отырар ауданында кең көлемде іске асқан облыстық “Қамқорлық” жобасына қолдау көрсеткен іскер азаматтар қатары көбейіп келеді.
Соның бір айғағы бағдарлама аясында Шілік ауылындағы аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарының белсенді түрде жүзеге асуы.
Бұған бірінші кезекте ауылдың ерікті, белсенді жастары мен демеушілер ұйытқы болып отыр. Нақтырақ тоқталсақ, Нұржан Жантақбаевтың отбасына жаңа тұрғын үй салып беруге ниеттенген ауыл азаматтары асарлатып жаңа үйдің іргетасын құйды.

Шағын ғана елдімекендегі қайырымдылықтың үлгісі болатын осындай игі істер жалғасын таба берсін, “Азаматына қарап ауылын таны” деген осы болар, сірә.
Ләззат САРЫБАЕВА.