НҰРЛАН ҮЗДIК ҮШТIКТЕ

1  115 көрілім

Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында әлемдегі он алты мемлекеттің кіл мықтылары таэквондодан әлем кубогы үшін сынға түскен командалық жарыста облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Нұрлан Мырзабаев қола медальға ие болды.

Жарыс қорытындысында бірінші орынды Иран Ислам мемлекеті, екінші орынды Ресей Федерациясы және үшінші орынды Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттері өзара бөліскен.

Айта кетерлігі, Кентау қаласында туып өсіп, Түркістан топырағында шеберлігін шыңдап жүрген Нұрлан Мырзабаев бұған дейін осы жылы Индонезия мемлекетінің Джакарта қаласында өткен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын. Жеке бапкері Ринат Құралбаев баптаған сайыпқыран алда Олимп шыңын бағындырсам дейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы