ТАЕКВОНДОДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

1  352 көрілім

Түркістан облысындағы кәсіпқой таеквондо WT «Issatai» спорт клубының ұйымдастыруы-мен қаламызда аталмыш клуб филиалының ашылуына орай балалар мен жасөспірімдер арасында І ашық Республикалық біріншілік өтті.

Ашылу салтанатында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Айдарбеков, Түркістан облысының жас туристер орталығының директоры С.Өмірбаева, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Сәрсенбаев, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Фазилов, Түркістан облысы бойынша кәсіпқой таеквондо WT «Issatai» спорт клубының президенті С.Халдарбеков және осы клубтың вице-президенті, «Globus» балаларды дамыту орталығының ұйымдастырушысы Ғ.Бекбулатовтар жас өрендерге жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан қатысқан 170 жас спортшылар 12 кг салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша тәп-тәуір нәтиже көрсеткен түркістандық төрт бірдей жас жеткіншектеріміз жеңіс тұғырының биік сатысынан көрініп 1-орынды иеленді. Ал, жалпыкомандалық есепте Қызылорда қаласы – 1 орын, Алматы қаласы – 2-орын, Түркістан қаласының таеквондошылары 3-орынды иемденді.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы