ЕЛДІГІН КӨРСЕТКЕН КӘСІПКЕР

1  069 көрілім

Түркістан облысы, Арыс қаласында денсаулыққа пайдалы минералды су көзі бары белгілі. Бүгінде Руслан Абдухманов атты азамат осы табиғи байлықты жергілікті халыққа қолжетімді етіп әрі 50 адамды жұмыспен қамтып, жеке кәсібін жүргізіп отыр.

Кәсіпкер елдегі төтенше жағдайға байланысты, қаламыздағы 5 ірі нысанға «ARYS» минералды су құрылғысын тегін орнатып берді. Елімізде төтенше жағдай кезінде аудан тұрғындарына тамшыдай болса да үлесін қосып жатқан Руслан Абдухмановқа зор алғысымызды білдіреміз.

Қара бастың ғана қамын күйттемей, артылғанын ауылдасымен бөлісе алатын азаматтарымыз көп болсын. Азаматтығымыз сыналар сәтте, халыққа қол ұшын беріп, елдігіміз бен бірлігімізді көрсететін сәт туды. Ендеше, әлемді шарпыған бұл індетті ауызбіршілікпен еңсеретініміз хақ.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы