Білесің ғой елдің жайын бүгінгі,
Дерт жұқтырсаң жалмап өтер түгіңді,
Жүктемейін,- десең жатқа жүгіңді,
ҮЙДЕН ШЫҚПА!
ҮЙДЕ ОТЫР!
ҮЙДЕ ҚАЛ!
Көше кезіп кетпей желмен тозаңда,
Сақта сақтық шараларын оданда,
Пайдам тисін десең, мынау қоғамға,
ҮЙДЕН ШЫҚПА!
ҮЙДЕ ОТЫР!
ҮЙДЕ ҚАЛ!
Қу пенденің тойған емес құлқыны,
Даңдайсыма, доғар ойын-күлкіні,
Бұл да бітер, шыдай білсең, бір күні,
ҮЙДЕН ШЫҚПА!
ҮЙДЕ ОТЫР!
ҮЙДЕ ҚАЛ!
Жанұяңа жаса құрмет – сый кезек,
Ашынғанша болдым-ау, деп, үйкөбек,
Оған бола сыр бермесін жүйке бек,
ҮЙДЕН ШЫҚПА!
ҮЙДЕ ОТЫР!
ҮЙДЕ ҚАЛ!
Қажет етпес бұл дегенің күшті аса,
Адам деген атқа лайық іс жаса,
Айтар болсам ұрандатып қысқаша:
ҮЙДЕН ШЫҚПА!
ҮЙДЕ ОТЫР!
ҮЙДЕ ҚАЛ!
Санжар Ғұлама
