БӘЙДІБЕКТІК КӘСІПКЕРЛЕР ДЕМЕУШІЛІК ЖАСАУДА

1  620 көрілім

Әлем болып арпалысып жатса да, “жаман індет” алпауыт елдерде күн санап өршіп тұрғанынын әр сағат сайын хабардар етіп жатыр. Барлық жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аса жауапкершілікпен сақтық шараларын мұқият сақтау керектігі де қайта-қайта ескертілуде.

-Бәйдібек ауданындағы бірқатар кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен тұрғындарға, соның ішінде әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға Жастар орталығы мен еріктілер тегін маскалар таратты. Бүгінгі таңға дейін демеушілер есебінен 2500 бетперде тегін үлестірілді,-дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Асыл Жамбылұлы Абжалов.

Бәйдібек ауданының жаны жомарт жеке кәсіпкерлерінің халыққа азық- түліктер, бетперделер, т.б заттарды тегін үлестіріп беруге ұйытқы болып отырғандарын елге көмек деп білеміз. Ал көмек деп отырғанымыз – біз бен сіздің тып- тыныш қана үйден шықпай, сақтық шараларын бұлжытпай орындауымыз.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы