РУХАНИ ШАҺАРДА ДЕЗИНФЕКЦИЯ КҮН САЙЫН ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ

1  169 көрілім

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаевтың қатысуымен дезинфекция жұмыстары атқарылды.

Аталмыш жұмысты қалалық ветеринариялық қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК мамандары орындады. Шараның мақсаты – әлем халқын алаңдатып отырған коронавирус індетінің алдын алу болып табылады. “EURASIA” қонақ үйінің алдынан басталған атаулы жұмыс кесене төңірегіне, арбат маңына, сондай-ақ адамдар көп шоғырланатын жерлерге толықтай жүргізілді.

Өз кезегінде Тәжібек Қалманұлы тұрғындардың орынсыз алаңдауының керегі жоқ екенін, бұл дерттің өңірде таралмауының алдын алу үшін жасалып жатқан сақтық шаралар екенін тілге тиек етті. Қала жұртшылығы төтенше жағдай режимін қатаң түрде сақтап, әр азамат өз жауапкершілігін сезіне алса, бұл қиын күндер де өтіп кетеді деген ойын да ортаға салды.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық даналығы айтқандай ел болып, тіпті дүниежүзі болып аты жаман дертпен күресіп жатқаны белгілі. Алдағы уақытта рухани шаһардағы адамдар көп шоғырланатын жерлер мен аялдамаларға, базарлар мен әкімшілік ғимараттарына, саябақтарға және автожолдарға да дезинфекция күн сайын жүргізіліп тұратын болады.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы