Бәйдібектік ерікті жастар Қызылсай БЛОК постында қызмет атқарып жатқан қызметкерлерге барып, көмек қолын созып түскі аспен қамтамасыз етті. Ерікті жастар сондай ақ келіп тіркеліп жатқан жолаушыларға сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жастар Бәйдібек ауданындағы 3 – БЛОК постында 400 дана бетперделерді тегін тарқатып, өздерінің ерік-жігерлері мықты екенін көрсетті.
Ләззат САРЫБАЕВА.
