ИМАМДАР ДА ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!

860 көрілім

Түркістан қаласының төрт қақпасында блок бекеттер күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Ол жердегі дәрігерлер мен тәртіп сақшыларының еңбегін бағалау керек.

Сабырлықпен сақтық шараларын сақтап жүрген жұртшылыққа ризашылығымызды білдіреміз. Біз сіздермен Құранымызбен де, дұғамызбен де біргеміз!

Елімізде жүргізіліп жатқан “Біз біргеміз!” акциясына түркістандық имамдар да өз үлесін қосып келеді. Күні кеше облыстық мешіт пен “Тұран” қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен сауапты іс атқарылды.

200 литр Наурыз көже мен 2800 дана бауырсақ пісірілді. Ұлттық тағамдар Шымкент, Қызылорда, Отырар, Кентау блок бекеттерінде тұрған қызметкерлер мен жолаушыларға таратылды.

Имамдар еліміз үшін дұға етіп, көз ілмей халықтың қызметінде жүрген жандарға күш-қуат тілеп қайтты. Жолаушылар имамдарға алғыстарын айтты.

Облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді сауапты іске атсалысқан азаматтардың баршасына ризашылығын білдірді. Алла Тағала кәсіпкерлерге берекесін берсін!

(Мақала yassi.kz сайтынан алынды).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы