Түркістан облыстық мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» акциясы өтті, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz» ақпараттық агенттігі muftyat.kz cайтына сілтеме жасап.
Түркістан қаласының төрт қақпасындағы блок бекеттерінде күзетте тұрған қызметкерлер мен жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ таратылды. Қызылорда, Кентау, Шымкент, Отырармен шектесетін бекеттерге барды.

Жалпы 200 литр көже, 400 қапшықша бауырсақ 400 адамға берілді. Наурыз көжені мешіт қызметкерлері әзірлеп, өздері үлестірді. Блок бекеттеріндегі жұмысшы топтар мен жолаушылар имамдарға ризашылығын білдіріп, баталарын беріп қалды.
