ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ТАУАР БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

821 көрілім

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуін болдырмау және оның алдын алу шараларын қабылдау мақсатында өңірде арнайы мобильді топ құрылған болатын.

Осыған орай, 26 наурыз күні «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аталған мобильді топ мүшелерімен яғни, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары мен арнайы мониторингтік топ мүшелері «Қуаныш» және «Алтын бұлақ» базарлары мен «Шапағат», «Рахмет» дүкендерін аралап, азық-түлік бағасын бақылау бойынша кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг жұмыстары барысында аталған сауда орындарының басшылығына елімізде енгізілген төтенше жағдайға орай тұрғындарға қажетті күнделікті азық-түлік пен өзге де қажетті тауарлар бағасын негізсіз өсірмеу керектігі назарда екені айтылып, бірқатар ұсыныстар берілді.

Айта кетейік, алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы