«БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

918 көрілім

«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавирусқа қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі.

Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы, «Jas Otan» жастар қанатының жастары үлестіру жұмыстарын ауыспалы режимде жүргізіп келеді. Акцияны ұйымдастыру барысында «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аса мұқтаж 385-ке жуық азаматтың тізімі жасақталып, бүгінгі таңда 50 адамға көмек көрсетілді.

Бұл тұрғындарға антисептикалық құралдар, медициналық бетперделер және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түліктер тапсырылуда. Атап айтсақ, әр адамға ылғалды майлықтар, қағаз майлық, 5 келіден макарон, қарақұмық, күріш, қант және өсімдік майы үлестірілді. Қара шай, тұз, күлше де себетке енгізілген.

Партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша көмек көрсетілуде.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттарды таратуға қалалық «Jas Otan» жастар қанатының жастары белсенділік танытты.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы