ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЯ ТҮСУДЕ

846 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов әлемді алаңдатып отырған жағдайда шаһар тұрғындарының мәселесін ескерусіз қалдырмауды басты назарға алып отыр. Әрбір азаматпен бетпе-бет кездеспесе де әлеуметтік желінің мүмкіндігін кеңінен пайдаланып, «Instagram» парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып, желі қолданушыларының сауалдарына жауап беріп, қала аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен хабардар етуде. Наурыздың 21-і күні кешкі уақытта тікелей эфирге шыққан әкімнің желідегі халықпен алғашқы жүздесуінен біз де тыс қалған жоқпыз.

Әуелі тұрғындарды наурыз мерекесімен құттықтаған шаһар басшысы мерекелік күннің алдағы уақытта ескерусіз қалмайтынын жеткізіп, бүгінгі таңда көпшілікті алаңдатып отырған індетке қарсы шараларға байланысты сөз қозғады. Халықты осындай қиын сәтте түсіністікпен әрекет етуге шақырды. Осылайша бастау алған желідегі жүздесуде, әкімге көптеген сауалдар қойылды. Соның ішінде тұрғындарды алаңдатқан көпшіліктің тұрмысқа қажетті азық-түлікке деген сұранысының артуына байланысты базардағы нарық жайы және табиғи газ, жол, ауыз су секілді мәселелер төңірегінде жазба сұрақтар жолданды. Әрбір сауалға байыппен нақты жауап қатқан қала әкімі Рашид Абатұлы желі қолданушыларының көңілдеріндегі мәселелерін дөп басты деуге толық негіз бар.

Айта кетерлігі, қала әкімдігінің баспасөз қызметі желіде төмендегіше жазба қалдырды. «Сіздермен ертеректегідей кездесулер өткізу мүмкіндігі жоқ. Қала басшысы байланысты үзбеу мақсатында, онлайн қабылдау, яғни тікелей эфирге шығып тұратын болады. Кеше де сіздермен бір сағаттай онлайн жүздесіп, үлгергенше сауалдарыңызға жауап беріп, ұсыныстарыңызды тыңдаған еді. Көбіне қол босаған кезде өзі тікелей эфирге шығатын болғандықтан нақты уақытын айтудың ыңғайы жоқ. Бірақ әрине, мүмкіндігінше, алдын ала хабарлауға тырысамыз», – делінген жазбада.

Иә, әкім өзінің барлық мүмкіндіктерін ескере отырып, әлеуметтік желі арқылы көпшілікпен жиі жүздесуге уәде етті. Айтқанындай аталған күннен бастап, қала басшысы ел алдындағы сертін орындап келеді. Мұндай жүздесулер әлі де өз жалғасын таба бермек. Қала аумағында сізді мазалаған сауалдар болса қала әкімінің желідегі (Instagram) парақшасында болатын тікелей байланыс арқылы сұрағыңызға жауап ала аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы