- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Мемлекетіміздің тарихында бұған дейін болмаған жағдайды кешудеміз, ағайын. Бұрын соңды бастан кешпеген шектеулер мен сақтық шаралары қолға алынып, талап етілуде.
Тәжірибе болмауының салдарынан әлі де көптеген халық арасында қателіктер мен түсініспеушіліктер орын алып отыр. Әрине, өмір барысын әп-сәтте өзгерте салу оңай емес, бұған қоса, сан алуан ақпарат тарап, елді дүрліктіріп жатыр.
Сондықтан, біз де барынша толыққанды ақпаратпен бөлісіп, қандай да іс-шара жайлы алдын ала ескертіп отыруды жөн көрдік. Ескертпесіз өзгерістер енгізу бұрыс екеніне сенімдімін.
Осы ретте, әлем тәжірибесіне сәйкес, мемлекет деңгейінде қабылданған бұйрық үзіндісімен танысып шығуларыңызды өтінемін. Бұған қоса, осы бұйрық үзіндісі мәтінімен тума туыстарыңызбен бөлісулеріңізді сұраймын.
Ұсынымдарға сәйкес қатаң тексеру жұмыстары өтіп, талаптарға сай емес орындар уақытша жұмыстарын тоқтатып немесе заң аясында айыппұл төлейтінін ескертеміз.
Әлі де тым қатаң, тым ерте, қажетсіз деп ойлайтын жерлестеріміз болуы әбден мүмкін. Бірақ, дәл қазір, уақыт жіберіп алмау керек.
Бұлардың қай қайсысы да бәріміздің болашағымыз үшін екенін, бір қала, бір өңір, тіпті бір мемлекет емес, дүние жүзі бойынша орын алып отырғанын естеріңізден шығармауларыңыз маңызды.
Жергілікті атқарушы орган ретінде, құзырымыз жеткенше, барлық қажетті қадамдар жасаймыз. Түсіністік білдіріп, қолдау ретінде сіздер де барынша сыртқа шықпаңыздар.
Аты жаман дерттен аман өтіп, деніміз сау, жақындарымызбен жүздесу бұйырсын!