Әлеуметтік желілерде қаламыздағы бірнеше тойхана жарияланған тыйымнан хабардар бола тұра, түрлі деңгейдегі той, отырыс атқарып жатқандары көрсетілген бейнежазбалар таратылуда.
Құрметті тойхана иелері! Сіздердің іс-әрекеттеріңіз – заңбұзушылық болып отыр. Үлкен сома айыппұл қарастырылған. Айыппұл былай тұрсын, сақтық шарасына мойынсұнбауыңыз жүздеген, мыңдаған адамның тағдырына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Бұл шектеу шаралары тек бір қала, тіпті бір мемлекет емес, дүниежүзі бойынша адамзат болашағы үшін қолға алынғанын естеріңізге саламыз. Жоғарыда айтылған тойханалар атаулары анықталып, арнайы тексеру жұмыстары жүргізілуде. Заңға сәйкес шаралар көріледі.
Қала әкімінің баспасөз қызметі.