БЕК НҰРМАҒАНБЕТ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

1  258 көрілім

Ақтау қаласында бокстан 2018 жылғы Қазақстан чемпионаты мәреге жетті. Жарысқа еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан 198 боксшы қатысып, мықты былғары қолғап шеберін анықтады. Айта кетейік, 2018 жылдың бокстан Қазақстан құрама командасы сапына енген жерлесіміз Бек Нұрмағанбет те ел чемпионатына қатысты. Бұған дейін бірнеше халықаралық жарыстарда тәжірибесі толысқан жас боксшымыз бұл жолы да ринг төрінде барлық кездесулерін сәтті өткізді. Осылайша қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген 81 келі салмақтағы Бек Нұрмағанбет тағы бір рет мықтылығын дәлелдеп, алғаш рет ел чемпионы атанды. Жеңіс құтты болсын!

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы