1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

1  216 көрілім

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғам болып жұмыла атқарылатын іс. Әр адам осы өрескелдікке бой алдырмай, індеттің алдын алуды өзінен бастаса, пара алу мен пара беруге бірден-бір тосқауыл қойылар еді. Мұндай істерге қарсы тұру үшін әр адам имандылық пен шынайылыққа, білімділік пен мәдениетке, талапшылдық пен қарапайымдылық қасиеттеріне жақын болуы керек.

Осы мақсатта қаламыздағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде 2006-2007 жылғы қыздар мен жасөспірімдер арасында баскетболдан I Халықаралық турнир өтті. Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, ХҚТУ-дің педагогика ғылымдарының профессоры Алик Валиевтің құрметіне арналған шараны шәкірттері ұйымдастырды. Күні бүгінге дейін ол қырықтан астам спорт шеберін дайындап шығарған. Олар бүгінде шетелде және еліміздің бірнеше қалаларында жаттықтырушы болып қызмет етуде. Жан-жақтан жиналған шәкірттері ел болашағы жолында қажырлы еңбегі мен спортты дамытуда елеулі үлес қосқан бапкердің құрметіне жоғары дәрежеде турнир өткізді.

Жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары мен Шымкент, Павлодар, Ақтөбе және облысымыздың Сарыағаш, Арыс, Мақтарал, Ордабасы, Түркістан аудан-қалаларынан 15 команда келді. 8 ұлдар және 7 қыздар тобы қатысып, 5 күн бойы аламанға түсіп, шеберліктерін көрсетті. Бірнеше күнге созылған жарыста ұлдар арасынан алғашқы үштікке Қырғызстан, Түркістан, Мақтарал командалары ие болса, қыздар арасынан Өзбекстан, Қырғызстан, Павлодар командалары оза шапты.

Турнир соңында жарыс жеңімпаздарына арнайы кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы