МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ ТІГУДЕ

1  117 көрілім

Түркістан облысының мәдениет қызметкерлері 300 бетперде тігіп, әріптестерінің отбасыларына тегін таратып берді. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі фейсбук желісінде жариялады.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысындағы барлық театрлар уақытша жабылып, дайындық жұмыстары да тоқтатылған болатын. Осы жағдайға қарамастан түркістандық театрлардың тігіншілері мен әртістері елге пайда тигізуді ойлап, медициналық бетперде тігуді қолға алды. Солардың бірі – Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы. Ұжым мүшелері алдағы уақытта тағы 300 дана бетперде дайындап, аудандағы ардагерлерге тегін үлестірмек ниетте.

«Облысымыздың өнер қызметкерлері еліміздегі төтенше жағдайда қол қусырып қарап отыруды ар санайды. Сондықтан ақылдаса келе елге пайда тигізуді жөн көрдік. Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы бастаған игі істі Р. Сейтметов атындағы Түркістан сазды –драма театры, облыстық опера және балет ұжымы, Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымы да жалғастырып әкетті. Алдағы уақытта біз 1250 дана медициналық бетперде тігіп, бәрін тегін таратуды жоспарлап отырмыз»,- дейді Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Қойлыбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы