ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ – САҚТЫҚ КҮЗЕТІНДЕ

1  025 көрілім

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Ақпараттық талдау орталығының» қызметкерлері, сондай-ақ волонтер жастар COVID-19 індетінің таралуына қарсы залалсыздандыру жұмыстарына белсене кірісті.

Аталған жұмыстарға атсалысып жатқан қызметкерлер мен волонтерлар арнайы оқыту-мамандандыру бойынша тәлім алып, өз біліктіліктерін Түркістан қалалық темір жол вокзалында іс-тәжірибе түрінде жүзеге асырды. Бұл шара өңірімізде коронавирустың таралу қауіпіне дайын болу мақсатында жүргізілуде.

Шараға қатысқан қызметкерлер мен жастарға алдағы уақытта залалсыздандыру жұмыстарын жүзеге асыру ісіне қатысуға мүмкіндік беретін куәліктер ұсынылды.

Оқыту-мамандандыру жұмыстары кеңінен жүргізіліп, нақ осы дайындық жұмыстары Түркістан облысының аудан, қалаларында да жалғасын табатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы