НАУРЫЗДЫ АҚ ТІЛЕКПЕН ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ

832 көрілім

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа наурызды қарсы алайық. Отанымызға – береке, халқымызға –игілік, мемлекетімізге – молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Қыстың қыспағынан құтылып, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат – әлем көгеріп, көктейтін шуақты кез.

Наурыз – ұлтына, діни сеніміне қарамастан қазақ елін мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасында достықты бекітуге, бауырластық қарым – қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт – дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр.

Осы жылда рухани шаһарымыз гүлденіп, түрлене берсін. Баршаңызды туған өлкеміздің дамуы жолында өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Түркістанның болашағы жарқын болары сөзсіз. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз қуанышқа толы болсын.

Уриад РАХИМОВА,

ұйғыр этносының өкілі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы