ӘЗ-НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1  064 көрілім

Әлемдегі 180 миллионнан астам түркі жұртының көктем мезгілін бастайтын мерекесі Наурыз екені бізге белгілі. Бала кезімізден наурыз айын күтіп, елмен бірге тойлауға асығатын едік. Сол балалық шағымнан аталған мерекені жақсы білемін десем де болады. Өз басым жақсы көретін мерекелердің бірі.

Ұлыстың ұлы күні болған Наурыз тойы қазақ халқының өткен тарихынан бүгінге дейін тойланып келеді. «Самарқанның көк тасы еріген күн» деп аталатын мереке құт-берекенің бастау көзі болып саналады. Бұл күнде жеті дәннен дәстүрлі көже жасаймыз. Туыс-туған, көршілерге амандаса барамыз. Қандай да бір реніштер мен түсінбеушілікті естен шығарамыз. Жақсы көңіл күймен жаңа күннің тіршілігін бастаймыз. Бұл күнде жетім-жесір, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп көмек те көрсетіліп жатады. Ұлық мерекеге сай осы тектес үлкен жұмыстар атқаратын кездерімізде бар.

Уақыт желден жүйрік десе дегендей. Ескі жылды ұзатып, жаңа жылды қарсы алып жатырмыз. Осы тұста дүние назарын аударған коронавирус індеті елімізге де жетті. Бұл ай жылдағыдай мерекелік көңіл-күймен емес дертпен күресу айы болмақ. Басты тілейтінім еліміз аман болса екен деймін. Береке-бірліктің айы деп жатамыз. Енді сол бірлік, ынтымағымызды көрсетер сынақ та келіп жеткендей. Әуелі Наурыз құтты болсын. Бірлігі мықты қазағымның жеңіске жетеріне сенемін!

Ақбаян ТҰРСЫНБАЕВА,

№22 жалпы орта мектебінің мұғалімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы