ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН!

911 көрілім

Тұтас түркі халықтары тойлайтын мерекенің бірі – Наурыз мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңелуіне келетін бұл мейрам 3000 жылдан бері тойланып келе жатқан ортақ әлеуметтік, шаруашылық қажеттіліктерінен туындаған мереке екенін зерттеушілер айтып жүр. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деген ақ батадан басталып, «Наурыздың берер несібесі мол» дейтін халықтық ырымды ұстаным еткен мейрам қыстан қысылып әрең шыққан барша жан-жануар, қалың қауым үшін де жамандықтың кетіп, жақсылық атаулының келетін мезгілі.

Осындай мереке түркі тектес біз бен сіздердің бір-біріне сенім артып, достық пейілмен, ынтымақтастық орнатып, тамыры бір тарихы арқылы жаһан көшіне бірлікте ілесуді қажет ететіндей. Наурыз мерекесі ұлы достықтарға арқау болатындай. Бұлай деуіміздің өзіндік себептері жетерлік. Атап айтқанда, түркі жұртын өлердей сүйген қазақтың Мағжан Жұмабайы, Сұлтанмахмұт Торайғыровы, өзбектің Чулпоны (Ғабділхамит Сүлейменов), татардың Ғабдолла Тоқайы секілді ақындар арманы осы мерекенің тарихы мен түркілер болашағына ұласып жататындай.

Биыл Түркістанда бұл мереке өзгеше тойланбақ еді. Әлемді алаңдатып отырған коронавирусқа байланысты барлық іс-шаралар тоқтатылды. Енді ел болып береке-бірлікпен осы індетке қарсы тұрып жатырмыз.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, біз бұл қиындықты да жеңіп шыға аламыз деп сенім білдіргім келеді.

Усеин МЕДЕДОВ,

Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы