НАУРЫЗДЫҢ БЕРЕР НЕСІБЕСІ МОЛ

950 көрілім

Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Сондықтан, осы күні айтылған барлық ақ тілектер орындалатынына кәміл сенемін. Барша қазақ ұлтын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Менің Түркістан қаласында оқып жүргеніме үш жылдан асты. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының барлық мейрамдары мен салт-дәстүрлерін жете танып білдім десем артық айтпаймын. Қазақ халқы мен түрік халқы ежелден бір-біріне бауырмал ұлт екені тарихтан белгілі.

Мен қазақ халқының құндылықтары мен мейрамдарын өз ұлтыма қатты ұқсатамын. Кейде тіпті шет елде емес өз отанымда жүргендей күй кешетінім де бар. Осы орайда, барша қазақ халқына, қазақ жеріне түрік жұртының атынан алғыс білдіргім келеді. Наурыз мерекесі бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Сумейе ГӨК,

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің

3 курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы